Америкалық Boeing X-37B ғарыш ұшағы 14 ай бойы ғарышта бірқатар тәжірибелер мен маневрлер жүргізді. Бұл туралы АҚШ ғарыш күштері мәлімдеді, деп хабарлайды DW.
Орбиталық ұшқыш ғарышта 434 күн болып, «АҚШ ғарыш күштерінің ғарыштық орта туралы түсінігін жақсартуға» бағытталған бірқатар эксперимент пен маневрлер жүргізген.
— Бұл технологиялар АҚШ Ғарыш күштерінің ғарыш операцияларын жүргізу қабілетін арттыру үшін өте маңызды, - делінген хабарламада.
X-37B — ұшақ пен ғарыш кемесінің гибриді
X-37B 2023 жылдың 29 желтоқсанында Флорида штатындағы Канаверал мүйісі әуе күштерінің станциясынан ұшырылды. Содан кейін ол SpaceX компаниясының Falcon Heavy аса ауыр зымыранының көмегімен алғаш рет әуеге көтерілді.
X-37B адам басқаратын ғарыш кемесінің миниатюралық нұсқасына ұқсайды. Оның ұзындығы 9 метр, қанатының кеңдігі 4,5 метр, ұшып көтерілу салмағы 5 тоннаға жуық. Ол күн батареяларынан қуат алады. Орбитада ұшудан кейін құрылғы ұшақ режимінде қонады.
X-37B 2010 жылдан бері қызмет етуде. Оны АҚШ Қорғаныс министрлігі үшін Boeing және Lockheed Martin бірлескен кәсіпорны United Launch Alliance әзірлеген.
Бұл туралы kaz.inform.kz хабарлайды.