Сирияда қарулы қақтығыстар қайтадан өршіп, Латакия және Тартус провинцияларында жаңа үкіметтің қауіпсіздік күштері мен бұрынғы президент Башар Асадқа адал қарулы топтар арасында қатты шайқастар жүріп жатыр.
Al Ikhbariya басылымының мәліметінше, қақтығыстардың нәтижесінде қаза тапқандар саны 1000-нан асқан. Олардың көпшілігі бейбіт тұрғындар.
Латакияның маңындағы Жабла қаласында Асадқа адал топтардың үйлестірілген шабуылдары орын алды. Жаңа үкіметтің қауіпсіздік күштері бұл шабуылдарға қарсы тұрып, аймақтағы жағдайды бақылауға алу үшін ауқымды операциялар жүргізуде.
Уақытша үкімет басшысы Ахмед әл-Шараа қарулы топтарды қаруларын тастауға шақырып, бейбіт келіссөздер арқылы мәселені шешуге уәде берді. Дегенмен, көптеген қарулы топтар бұл шақыруға сенімсіздікпен қарап, қарсылықтарын жалғастыруда.
Бұл оқиғалар Сириядағы жағдайдың тұрақсыз екенін көрсетіп, елдің қайтадан толыққанды соғысқа тартылу қаупін арттырады,-деп хабарлайды BAQ.KZ.