Павлодар облысында, Павлодар – Семей автожолының Аққулы ауылынан 12 шақырым жерде, екі көлік соқтығысты, деп хабарлайды turkystan.kz.
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, Toyota Corolla Spacio жүргізушісі ауыр жарақат алып, ауруханада көз жұмды.
Апатқа байланысты қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр, оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталуда.
Полиция департаменті жол қозғалысына қатысушыларға жылдамдық режимін сақтау және жолдағы мұқияттықтың маңыздылығын еске салады. Сондай-ақ мұндай оқиғалардың алдын алу үшін көліктің техникалық жағдайын тұрақты түрде тексеру қажеттігі атап өтілді.