Қазақстанның бокс құрамасы Черногорияның Будва қаласында өткен халықаралық турнирде (жастар арасындағы Әлем кубогы) сәтті өнер көрсетті, деп хабарлайды turkystan.kz.
Жалпы нәтиже: Қазақстандық боксшылар жарыс қорытындысы бойынша 27 медаль жеңіп алды: 4 алтын, 11 күміс және 12 қола.
Ерлер құрамасының нәтижелері:
Қазақстандық боксшылар 17 медаль еншіледі: 2 алтын, 4 күміс және 11 қола.
Әлем кубогының чемпиондары: Нығман Нығмет (57 келі салмақта), Жасұлан Бердалы (75 келі салмақта).
Күміс жүлдегерлер: Алдияр Бахадур (54 келі салмақта), Игорь Соловьев (75 келі салмақта), Санжар Сейтқамит (92 келі салмақта), Бексұлтан Қайратұлы (92+ келі салмақта).
Қола жүлдегерлер: Нұрхан Құмарбеков (48 келі салмақта), Бексұлтан Хужамжар (48 келі салмақта), Айдос Үсенов (51 келі салмақта), Әли Мұрат (54 келі салмақта), Бауыржан Мұратов (57 келі салмақта), Ердәулет Саит (60 келі салмақта), Алихан Әскер (63,5 келі салмақта), Мұхит Нұрқабылұлы (63,5 келі салмақта), Сұлтан Тұрдәлі (67 келі салмақта), Бекарыс Нұрмұхан (71 келі салмақта), Бейбарыс Әширбай (71 келі салмақта).
Қыздар құрамасының нәтижелері:
Қыздар құрамасы Қазақстанға 10 медаль алып келді: 2 алтын, 7 күміс және 1 қола.
Алтын жүлдегерлер: Регина Тибенява (57 келі салмақта), Ақбота Есімбекова (66 келі салмақта).
Күміс жүлдегерлер: Рахмина Абдумежитова (52 келі салмақта), Ақнұр Тұрсынғали (57 келі салмақта), Алина Құдайгенова (63 келі салмақта), Айсұлу Мұхит (66 келі салмақта), Мария Сидоренко (70 келі салмақта), Зарина Толыбай (75 келі салмақта), Сабина Жақсылық (81+ келі салмақта).
Қола жүлдегер: Толғанай Қасымхан (60 келі салмақта).