$494.84 €537.4 ₽5.58
×

Шымбұлақта турисер кесірінен қар көшкіні жүрді

AstanaTV
10.03.2025ж. 17:27
73
Шымбұлақта турисер кесірінен қар көшкіні жүрді
Фото: shymbulak.com

Шымбұлақ тау шаңғы курортында қар көшкіні жүрді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

2025 жылғы 10 наурызда Медеу ауданы, «Шымбұлақ» тау шаңғысы курорты. «Қазселденқорғау» ММ ақпараты бойынша – №26в, 26г қар көшкіндер жинағында қар көшкіні орын алды. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ, – делінген Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті хабарламасында.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін ТЖД Қазгидрометтің 7 наурыздағы дауылды ескертуі негізінде азаматтарды таулардағы көшкін қаупі хабардар етті.

Нақтыланған ақпарат бойынша бүгін Шымбұлақта жолдан тыс сырғанау кезінде 3 турист тау бөктерін кесіп өтіп, көлемі шамамен 3500 текше метр қар көшкінінің түсуіне ықпал етті.

Абырой болғанда құрбан болғандар мен зардап шеккен адамдар туралы ақпарат түскен жоқ.