$494.84 €537.4 ₽5.58
×

Астанада белгісіз ер адам көшеде жүргіншіні пышақпен қуған

AstanaTV
10.03.2025ж. 21:27
68
Астанада белгісіз ер адам көшеде жүргіншіні пышақпен қуған
Фото: ашық дереккөз

Астанада белгісіз ер адамның көшеде өтіп бара жатқан адамды пышақпен қуған сәті видеоға түсіп қалды, деп хабарлады turkystan.kz.

Оқиға 22:30 шамасында «Медициналық орталық» аялдамасы маңында болған. Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбада түнгі уақытта ер адамның екіншісін қуып бара жатқаны анық көрінеді. Куәгерлердің айтуынша, қолында пышағы бар азамат көшеде жүргіншіні қорқытып, соңынан жүгірген.

Желі қолданушылары бұл оқиғаға түрлі пікір білдіріп, алаңдаушылық танытты: «Көктемгі мазасыздық басталды…», «Бұрын оңаша өмір сүру туралы ой ақылға қонымсыз көрінетін, ал қазір…», «Полиция бейнебақылау арқылы мұндай жағдайларды бақылауы керек емес пе?», «Елімізде не болып жатыр?» – деп жазды олар.