$494.84 €537.4 ₽5.58
×

Ұлыбритания маңында танкер мен жүк кемесі соқтығысып, алапат өрт болды

AstanaTV
10.03.2025ж. 23:24
92
Ұлыбритания маңында танкер мен жүк кемесі соқтығысып, алапат өрт болды
Фото: wikipedia

Ұлыбритания жағалауында, Хамбер өзенінің сағасында танкер мен жүк кемесі соқтығысып, 32 адам жарақат алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

The Independent басылымының хабарлауынша, апат салдарынан өрт бұрқ етті. Адамдар жанып жатқан кемені тастай қашты. Зардап шеккендердің жағдайы туралы толыққанды ақпарат жоқ, құтқарушылар мен жағалау күзетінің тікұшағы оқиға орнына шұғыл аттанды.

Қазіргі уақытта оқиға орнында өрт сөндірушілер жұмыс істеп жатыр. Оқиға АҚШ-тың авиациялық отын тасымалдайтын MV Stena Immaculate туы ілінген танкермен байланысты деп болжануда. Vesselfinder кемелерін бақылау құралына сәйкес, Португалия туы тігілген MV Solong кемесімен соқтығысқан кезде америкалық танкер зәкірін тастап жатқан.