$494.84 €537.4 ₽5.58
×

Шымбұлақтағы қар көшкіні: қоршаудан өтіп кеткен үш шаңғышы анықталды

AstanaTV
11.03.2025ж. 00:19
63
Шымбұлақтағы қар көшкіні: қоршаудан өтіп кеткен үш шаңғышы анықталды
Фото: ашық дереккөзден

Шымбұлақта қар көшкінін тудырған шаңғышылардың кім екені анықталды, деп хабардайды BAQ.KZ.

Бұл туралы тау курортының баспасөз қызметі жазды.

Тәртіп бұзушылар табылып, олардың жеке басы анықталды, - деп хабарлады «Шымбұлақ» баспасөз қызметі.

Қар көшкіні үш шаңғышының ереже бұзуынан болған. Олар тордан өтіп, қауіпті аймаққа кіріп, сол арқылы қардың сырғуына себеп болған.

Шымбұлақ көшкіні стансасы мен курорттық бригаданың ресми мәліметі бойынша, көшкіннің жалпы көлемі 95 текше метрді құрады, - деп нақтылады тау курортының әкімшілігі.

Сонымен қатар Шымбұлақ әкімшілігі оқиғалардың хронологиясын қалпына келтірді.

09:17-де – қар жамылғысын тексергеннен кейін «Комби 2» аспалы жолы тормен қоршалып, «Қар көшкіні қаупі», «Жабық», «Кіруге болмайды» деген белгілер қойылды.

09:58-де (Комби 2 ауданы) қар көшкіні болды.

Сағат 10:02-де құтқарушылар аумақты жедел зерттеді. Зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ.