$488.53 €531.91 ₽5.68
×

Алматыдан Астанаға бағыт алған Air Astana ұшағы Балқаш көлінің үстінен кері қайтты

AstanaTV
11.03.2025ж. 06:39
82
Алматыдан Астанаға бағыт алған Air Astana ұшағы Балқаш көлінің үстінен кері қайтты
Фото: Air Astana; flightradar24

Алматыдан Астанаған ұшып шыққан Air Astana ұшағы Балқаш көлінің үстінен кері қайтты, деп хабарлайды CMN.

Оқиға 10 наурыз күні кешкі уақытта болған. Air Astana компаниясына тиесілі ұшақ Алматыдан ұшып шыққан соң техникалық себептерге байланысты Балқашқа жеткеннен кейін кері айналып, Алматыға оралған.

Компанияның мәліметінше, техникалық себептерге байланысты оралған ұшақтың жолаушыларын резервтегі бортқа отырғызады.

Жоспар бойынша бұл ұшақ шамамен сағат 23:40-та Астанаға ұшып шығуы тиіс.