Танымал продюсер Баян Мақсатқызы сәлем салу дәстүрі туралы мәселені көтерді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ол өз сөзінде туып-өскен жерінде қыз балалар еркін өсетінін ерекше қозғап өтті.
«Маған ешқашан да ер адамға бас ию дегенді үйреткен емес. Алматыға барғанымда Шымкенттен келген қыздардың үнемі иіліп, сәлем салуы мен үшін өте жабайылық болды. Не үшін иілесің десем бұл қалыпты жағдай, солай болуы керек дейді. Кешіріңіздер, мен әкемді құрметтеймін. Атама деген құрметім шексіз. Үлкендерге, ер адамдарға құрметпен қараймын. Бірақ иіліп, сәлем салу деген менде атымен жоқ. Маған оны үйретпеген. Үйрете де алмайды. Бұл – менің таңдауым. Мені әжем еркін өсіріп, тәрбиелеген», - дейді Баян Алагөзова.
Ол сөзін жалғай отырып, КСРО заманында нәзікжандылар арасында халық қаһармандары үнемі өзінің туып-өскен қаласы Орал мен Ақтөбеден шыққанын тілге тиек етті.
«Батыста біздің қыздар еркіндікті жақсы көреді. Дәл осы жақта туып-өскеніме қатты қуанамын», - дейді Баян Мақсатқызы.