$488.53 €531.91 ₽5.68
×

Астанада қарлы боран: құтқарушылар үндеу жасады

AstanaTV
11.03.2025ж. 09:07
73
Астанада қарлы боран: құтқарушылар үндеу жасады
Фото: ашық дереккөз

Астана қаласында ертеең, 11 наурыз күні кей уақыттарда қар, бұрқасын, көктайғақ болады. Осыған байланысты елорда құтқарушылары үндеу жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, түнде және таңертең екпіні 15-18 м/с болуы мүмкін.

Астана әкімдігінің мәліметінше, осыған орай, Астана қаласы ТЖД қатты жел және бұрқасын кезінде жарақат алмау үшін азаматтарға қауіпсіздік шараларын сақтауды ұсынады:

"112" құтқару қызметінен ауа райының нашарлауына байланысты дауылды ескерту туралы SMS-хабарлама алған кезде оларға назар аударыңыз;

Ауа райы жағдайы мен автожолдардағы көлік қозғалысының шектеулері туралы ақпаратты назарда ұстаңыз;

Дауылды ескерту жариялаған кезде, әсіресе қараңғы уақытта алыс жерлерге сапарға шықпаңыз, жаяу жүрмеңіз;

Қыс мезгілінде сақтық шараларын сақтаңыз;

Жеке көлікпен жолға шықпаңыз. Егер қажет болса, қоғамдық көлікті пайдаланыңыз және маршрутыңызды алдын ала жоспарлаңыз;

Көшеде абай болыңыз. Боран мен жел көрінуді қиындатуы мүмкін, жолдар тайғақ болады. Жылы киім, тайғақтан қорғайтын аяқ киім киіңіз;

Жылыту жүйесін тексеріңіз. Үйіңізде жылыту дұрыс жұмыс істейтініне және отын жеткілікті екеніне көз жеткізіңіз;

Көшеде ұзақ тұрмаңыз – аяз бен жел үсік шалуға себеп болуы мүмкін.

Төтенше жағдайлар туындаған кезде "101" және "112" нөміріне хабарласыңыздар!