$488.53 €531.91 ₽5.68
×

Астанада жүргізушілер жолда төбелес шығарды

AstanaTV
11.03.2025ж. 13:03
104
Астанада жүргізушілер жолда төбелес шығарды

Астанадағы көшелердің бірінде екі жүргізуші төбелес шығарды. Оқиғаны жүк көлігімен өтіп бара жатқан куәгер видеоға түсіріп алған, - деп хабарлайды Massaget.kz.

Оқиға орнынан түсірілген видео әлеуметтік желілерде жарияланды.

"Біздің оқырман Астанадағы жүргізушілердің төбелесін түсіріп алды. Абырой болғанда, басқа көлік жүргізушілері араласып, жанжалды тоқтатты. Қалай ойлайсыз, жолда неге агрессия көп? Осындай жағдайларға тап болып көрдіңіз бе?" – делінген видео сипаттамасында.

Кадрларда екі ер адамның бір-біріне соққылар жасап, жұдырықтасып жатқаны көрінеді. Төбелеске қатысушылардың бірінің жанындағы серігі оларды ажыратуға тырысады, бірақ сәтсіз. Кейінірек басқа жүргізушілер келіп, төбелесті тоқтатады.