$488.53 €531.91 ₽5.68
×

Еңбек инспекторлары 7,2 мың жұмыскердің құқығын қорғады

AstanaTV
11.03.2025ж. 12:24
144
Еңбек инспекторлары 7,2 мың жұмыскердің құқығын қорғады

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметі бойынша, Мемлекеттік еңбек инспекторлары 2025 жылғы 1 наурызға дейін 19 кәсіпорында 1,2 мыңнан астам жұмыскердің жалақы бойынша 328,9 млн теңге берешегін анықтады.

Тексерулер барысында 995 еңбек құқықтарының бұзылуы тіркелді. Бұзған кәсіпорын басшыларына 579 ұйғарым беріліп, 69,5 млн теңге айыппұл салынды.

Нәтижесінде 900 жұмыскерге 135,8 млн теңге төленіп, 6,3 мың жұмыскердің құқығы қорғалды.