$488.53 €531.91 ₽5.68
×

Мемлекет басшысы Абай облысының әкімі Берік Уәлиді қабылдады

AstanaTV
11.03.2025ж. 13:01
432
Мемлекет басшысы Абай облысының әкімі Берік Уәлиді қабылдады

Абай облысының әкімі Берік Уәли Президентке  жергілікті бюджеттің шығыс және кіріс бөлігіне жан-жақты талдау жүргізілген мәлімдеді. Үнемделген қаражат өзекті мәселелерді шешуге жұмсалатынын айтты.

2028 жылға дейін жалпы құны 2,2 триллион теңге болатын және 8 мыңнан астам жұмыс орнын ашуға мүмкіндік беретін 24 инвестициялық жобаның тізімі жасақталыпты.

«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 5 нысанның және оқушылар сарайының құрылысы қолға алынған; аспалы көпірді реконструкциялаудың жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленіп, Ертіс өзені арқылы өтетін тағы бір көпір салынып жатыр. Семей қаласында айналма жол салу мәселесі пысықталуда", - деді Берік Уәли.

Мемлекет басшысы облыс әкіміне Үкіметпен бірге өңірді қарқынды дамыту жолдарын қарастырып, өзекті мәселелерді кезең-кезеңімен шешуді тапсырды.

Қасым-Жомарт Тоқаев өңдеу өнеркәсібін өркендету, жаңадан тұрақты жұмыс орындарын ашу, облыс орталығын абаттандыру және инфрақұрылымды дамыту бағытында шаралар қабылдау қажет екеніне тоқталды.