$488.53 €531.91 ₽5.68
×

Қостанайда мас ер адам екі әйелді пышақтап тастады: оның бірі тіл тартпай кетті

AstanaTV
11.03.2025ж. 14:21
102
Қостанайда мас ер адам екі әйелді пышақтап тастады: оның бірі тіл тартпай кетті

Қостанайда 9 наурыз күні Амангелді көшесіндегі көпқабатты үйлердің бірінде пышақ ұстаған ер адам екі әйелге шабуыл жасады. Олардың бірі сол жерде көз жұмды, екіншісі ауыр жарақатпен жансақтау бөліміне жеткізілді. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі «Наша газета» басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Полицияның мәліметінше, ер адам шабуыл жасағанға дейін алкогольдік ішімдік ішкен. Бір уақытта 53 жастағы ер адам қолына пышақ алып, әйелдерді пышақтап тастаған. Оны жедел уәкілдер ұстады, қазір уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Адам өлтіру және өлтіруге оқталу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеушілер оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.

Полиция сонымен қатар мессенджерлерде төрт қызды өлтірді деген болжамды қауесеттерді жоққа шығарды.

«Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды», - деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі.