8 наурызда 366 қыз бала дүниеге келген, - деп хабарлайды Massaget.kz.
Мерекеде Қазақстанда 764 әйел босанған.
"Барлығы 769 сәби, оның ішінде 366 қыз, 403 ұл бала дүниеге келді, сондай-ақ, 5 егіз енді 8 наурызда туған күнін атап өтеді", - деп жазылған хабарламада.
Жаңа туған нәрестелердің ең көп саны Түркістан облысында тіркелген, онда 126 бала туды;
Екінші орында Алматы, мұнда 76 сәби дүниеге келді;
Шымкент үшінші орында, мұнда 71 бала;
Ал Астанада 65 бала дүниеге келді.