Шымкентте Тәуке хан даңғылы мен Ақпан батыр көшесінің қиылысында, "Магнум" дүкенінің жанында жол апаты болды, зардап шеккендер бар, деп хабарлайды Zakon.kz.
Hunday Elantra мен Toyota Camry көлігі соқтығысып, салдарынан Elantra жүргізушісі мен екі жолаушысы: әйел мен балаға білікті медициналық көмек қажет болды. Олар ауруханаға жеткізілді.
Куәгерлердің айтуынша, Toyota жүргізушісі қарсы жолаққа шығып кетіп, апатқа себеп болған.
Оқиғаны бейнебақылау жүйесі түсіріп алған. Жазбада Toyota Camry көлігін тізгіндеген жүргізушінің артқы қарай жүріп бара жатып, көліктің тізгініне ие бола алмай қалғаны көрсетілген. Салдарынан көлік айналып кетіп, жақын жерде тұрған ВАЗ көлігіне соғылған.
Полиция жол апатының мән-жайын анықтап жатыр.