Ал Қызылорда облысында күн күрт жылынып, Жосалы кентінің көшелерін қарғын су басты. Төтенше жағдайлар департаменті мамандарының мәліметінше, оқиға кенттің жаңадан бой көтерген мөлтек ауданында болған. Еріген қар суы 2 көшені бойлай енді қоныстанған тұрғындардың әбден үрейлерін алды.
Арнайы техника мен 200-ден аса маман су шайған аумақты толық тазалады. 450 текше метр шамасындағы су ауыл сыртындағы сай-салаларға жіберілді.
ҚАДЫРЖАН БАЗАРБЕК, ОБЛЫСТЫҚ ТЖД ТЖЖ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ:
Толық сол көшелер судан тазартылды. Яғни жеке тұрғын үйлерге ешқандай қауіп төнген жоқ. Еріген қардың судың көлемі ондай көп болған жоқ деп айта аламыз. Халық жеке өзінің материалдық құндылықтарын сақтау үшін өздеріңіз білесіздер халық үрейленеді. Ондай қауіп төнген жоқ+аулаларға кіру, үй ішіну кіру судың жағдайы тіркелген жоқ.