$513.68 €583.03 ₽6.24
×

Елімізде мыңнан астам елдімекенді қарғын су басып қалу қаупі бар

Елімізде мыңнан астам елдімекенді қарғын су басып қалу қаупі бар

Елімізде мыңнан астам елдімекенді қарғын су басып қалу қаупі бар. Тасқын су тек оңтүстік өңірлерге қауіп төндірмейді. Бұл туралы «AMANAT» партиясы жанындағы бақылау комитетінің кезекті отырысында айтылды. Партия мүшелері жауапты министрліктермен бірлесіп, алдағы су тасқынына дайындық деңгейін талқылады. Қазір елімізде 600-ге жуық гидротехникалық құрылыстың тозығы жеткен. Олар жөндеуді қажет етеді. Егер бұл құрылыстар апатқа ұшыраса, миллионнан аса адам су астында қалуы мүмкін. Отырыста дренаждық каналдардың, арықтардың және су бұру жүйелерінің дайындығын қамтамасыз ету тапсырылды. Жыл басынан бері Төтенше жағдайлар министрлігі екі мәрте «Көктем-2025» атты оқу-жаттығуын өткізген.  

БАТЫРБЕК АБДЫШЕВ, ҚР ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ВИЦЕ-МИНИСТРІ:

Бұл мемлекеттік және жергілікті органдардың күнделікті жұмыс режимін, су тасқыны кезіндегі негізгі іс-қимылдарын, дайындығын қадағалайды. Жалпы, су тасқынын болдырмау мақсатында азаматтық қорғау қызметі 37 мыңнан аса адамнан тұратын күштік топ құрды. Сондай-ақ 13 мың техника, 4 мыңнан астам су сору және 640 су техникасы жасақталды.