$535.13 €627.44 ₽6.52
×

Алматыда көпқабатты тұрғын үй кешенінің ауласынан әйел адамның мәйіті табылды

AstanaTV
11.03.2025ж. 20:00
Алматыда көпқабатты тұрғын үй кешенінің ауласынан әйел адамның мәйіті табылды

Алматыда көпқабатты тұрғын үй кешенінің ауласынан таңертең әйел адамның мәйіті табылды. Алдын ала мәлімет бойынша, ол жоғары қабаттан құлаған болуы мүмкін. Қаза болған әйелдің жасы   25 - 35 шамасында. Қалалық полиция департаменті Бостандық ауданының полиция басқармасы қылмыстық іс қозғаған. Мәселенің мән-жайы анықталып жатыр .