Қостанайда көңілді отырыстың соңы қайғылы жағдайға ұласты.Араққа сылқия тойған тұрғын қасындағы екі әйелді қасақана пышақтаған. Талай күн таныс болған күдікті тосын мінез танытып, жанында отырған жандарға пышақ сермейді. Соның салдарынан бір адам қайтыс болып, екіншісі ауыр жарақат алған. Қазір ол жансақтау бөлімінде жатыр.Ал 53 жастағы қала тұрғынына қатысты кісі өлтіру және өлтіруге оқталу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
КАРИНА БАЗАРБАЕВА, ОБЛЫСТЫҚ ПД БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері 53 жастағы күдіктіні ұстап, оны уақытша ұстау изольяторына қамады. Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайларын анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жалғасуда.