$513.68 €583.03 ₽6.24
×

Солтүстік Қазақстан облысында букмекерлік ойынға құмар болған қос шенеунік жұмыстан қуылды

11.03.2025ж. 20:00
182
Солтүстік Қазақстан облысында букмекерлік ойынға құмар болған қос шенеунік жұмыстан қуылды

Солтүстік Қазақстан облысында букмекерге бәс тіккен екі  шенеунік жұмыстан қуылды. Ақжар ауданы мен Ұялы ауылдық округтерінің әкімдіктерінде жұмыс істейтін мамандар букмекерлік кеңселердің сайттарында тіркеліп, ұтыс тіккен. Бұл олқылықты прокуратура мамандары тексеріс кезінде анықтаған. Артынша іс қозғап, мемлекеттік қызметкерлерге қатысты қатаң жаза тағайындаған.

КАМИЛА НҰРМАШЕВА, СҚО ПРОКУРАТУРАСЫНЫҢ ПРОКУРОРЫ:

Прокурорлық қадағалау актілері бойынша жоғарыда аталған лауазымды адамдар жұмыстан босатылды, барлық мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің сақталуына қатаң көрсетілді.