Түнде көше кезген, кәмелетке толмаған балалардың ата-аналарына 286,6 млн теңге айыппұл салынды. Мемлекеттің пайдасына 221,3 млн теңге өндірілген. Соңғы 4 жылда 391 138 әкімшілік құқықбұзушылық тіркелген. Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеттің мәліметінше, ересектердің қарауынсыз, беймезгіл уақытта көшеде жиі жүретін жасөспірімдер Түркістан облысында жиі байқалған. Одан кейінгі орында Алматы қаласы мен облысы тұр. Ал ең тәртіпті балалар Ұлытау облысында тұратын көрінеді.
ТӘРТІП БҰЗУШЫЛЫҚ КӨРСЕТКІШІ:
Түркістан облысы - 29 567
Алматы - 29 039
Алматы облысы - 28 606
Солтүстік Қазақстан - 10 686
Жетісу облысы - 10 228
Ұлытау облысы - 2 478