Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Ақтөбе облысында Мұғалжар ауданы әкімінің орынбасары алаяқтық жасады деген күдікпен ұсталды

AstanaTV
15.06.2017ж. 20:00
3842
Ақтөбе облысында Мұғалжар ауданы әкімінің орынбасары алаяқтық жасады деген күдікпен ұсталды

Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы әкімінің орынбасары ұсталды. Бұл жөнінде облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлады. Сот өкілдерінің айтуынша, Қайырғали Назаров үлкен көлемде ақша жымқырып, алаяқтық жасады деген күдікке ілініп отыр. Ол өз қызметін асыра пайдаланып, мемлекеттік сатып алулар саласында жымысқы әрекеттер жасаған дейді. Бұл іске тағы екі адамның қатысы болуы мүмкін. Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр.

Илиада Досова, Ақтөбе облыстық соты баспасөз қызметінің жетекшісі:

Мұғалжар аудандық сотының қаулысымен Назаровқа қатысты өтінішхат қанағаттандырылып, оларға қатысты 2 ай мерзімге күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды.

Жақсыбек КЕМАЛ