$513.68 €583.03 ₽6.24
×

Қыздар мерекеде алған гүлдерін сатып жатыр

11.03.2025ж. 20:00
185
Қыздар мерекеде алған гүлдерін сатып жатыр

Әуе рейстеріне қатысты дау тоқтар емес. Біресе билеті қымбаттайды, енді бірде уақытында ұшпай әбігерге салады. Сапасына көңілі толмай жұрт жұмысына салғырт қарайтындарды талай сынады. Сонда да жабулы қазанның қақпағын ешкім ашар емес. Бұл мәселе әлеуметтік желіде қызу талқылап жатыр екен. Әріптесім Аружан Задабек өзекті тақырыптарды «Өзекті» айдарында толығырақ айтады.

Қайырлы кеш, көрермен! Көптің талқысына түскен тақырыптарды алдағы бірнеше минутта талқылаймыз. Экраннан алыс кетпеңіз!

Құшақ-құшақ гүл алып, мерекені өткіздік. Жігіттер арқаланып, тиынын тиынға жалғап, барынша қуантуға тырысты. Біз де сыйлыққа кенеліп, мәз болдық. Өз басым алған әр гүліме минут сайын қарап, су құюмен әлекпін. Сөйтсек, басқалар мерекенің соңын  бизнеске айналдырып жіберіпті. ОЛХ-ті ашып қалсаң, іші толған гүл. Арулар жігітінен алған сыйлығын арзан бағада сатып жатыр екен. Сіз де ашып көріңіз. Бәлкім таныс гүл көзіңізге түсер!

КОММЕНТ:

-  Жұрттар осы гүлді ала алмай жатқанда.
- ОЛХ-қа кіріп қалсақ, гүл көріп жатырмыз ғой әйтеуір.
- Қыздар, түсінбеймін сендерді. 7 наурыз гүл күтемін деп, 8 наурыз гүл алып, 9 наурыз ОЛХ сататын болсаңдар... Ақшадан өлгенсіңдер ма?


Мейрам деп көңіліміз жайнағанымен, қыс қаһарына мініп тұр. Бірнеше өңірге қалың қар түсіп, боран соқты. Жолдар жабылып, төтеншеліктер қайта-қайта ескерту жасады. «Сонда да сөзді елемей, жолға шуға қазақтың қанына біткен бе?» дейсің мұндайда. Бірнеше рет «жол жабық» деген хабарлама алса да елемей,  қанша адам «айдалада ақ отау, аузы-мұрны жоқ отаудың» күйін кешті.

КОММЕНТ:

- Әйелдердің мейрамы жылда осылай.
- Ауа райын көріп тұрып, неге шығасыңдар? Түк көрінбесе.
- Бұларға дауа жоқ қой. Әйтпесе айтылды. Ескертілді.


Ауа райы бұзылғаннан кейін біраз әуе рейсі кейінге шегерілді. Бұған етіміз үйренген. Бізде дәл осындай боран болмаса да, себепсіз ұшақтардың ұшпай қалатыны бар. Соңғы кездері әлеуметтік желіде дәл осы тақырып жиі талқыланып жүр. Халықтан ашуға мінгені сонша, өшін әуежай қызметкерлерінен алуды шығарған. Өткенде болған жағдай - мынау. Алматы әуежайында ер адам қызметкеді кепілге алып, пышақпен қорқытқан. Абырой болғанда оны  туыстарын шығарып салуға келген ер адам құтқарып қалды. Бұл оқиға Президенттің де құлағына жетті. Артынша оған мемлекеттік награда беруді ұсынды. Бұған қатысты жұрттың пікірі екі түрлі.

КОММЕНТ:

- Кезекті қойылым сияқты. Бір шикілік бар-ау. Есі дұрыс адам бұндай тірлікке бармайды, қандай жағдай болмасын.
- Ұстап алған қызғылт киімдегі жігіт көп жасасын! Адамның өмірін құтқарды.
- Ол сендер ойлағандай емес. Сонша еркек тұр деп, бұл жерде адам өмірін сақтап қалу бірінші орында, кепілде тұрғанды шығару алдымен. Сосын барып қылмыскермен күресу.


Құрметті көрермен, бүгінгі осы! Сау болыңыздар!