$513.68 €583.03 ₽6.24
×

"Үнемделген қаражат өзекті мәселелерді шешуге жұмсалады",- Берік Уәли

11.03.2025ж. 20:00
214
"Үнемделген қаражат өзекті мәселелерді шешуге жұмсалады",- Берік Уәли

Абай облысында 24 инвестициялық жоба жүзеге асырылады. Ол өңірде 8 мыңнан астам жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. Бұл туралы Президент қабылдауында болған аймақ басшысы Берік Уәли айтты.   Үнемделген қаражат өзекті мәселелерді шешуге жұмсалмақ. Қасым-Жомарт Тоқаев  аймақ басшысына өңдеу өнеркәсібін өркендету, жаңадан тұрақты жұмыс орындарын ашу, облыс орталығын абаттандыру және инфрақұрылымды дамыту бағытында шаралар қабылдау қажет екеніне тоқталды. Сонымен қатар Абай Құнанбаевтың 180 жылдығына арналған мерейтойлық іс-шараларды лайықты деңгейде ұйымдастырудың маңызына назар аударды.