Ата-аналар «Келешек» бағдарламасы бойынша 70 мыңнан астам шот ашып үлгерген. Жауапты министр жинақтаушы қорға сұраныс жоғары екенін айтты. Қазір бағдарламаға еліміздің бірқатар білім ордалары қосылды. Айта кетейік, егер түлек грант жеңіп алса, «Келешек» бағдарламасы бойынша жиналған ақшаны туған бауырларының оқуына жұмсауға, баспана сатып алуға немесе депозиттен шешіп алуға болады.
САЯСАТ НҰРБЕК, ҚР ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРІ:
Барлық ірі ұлттық университеттер, бірнеше жекеменшік университеттер бұл жүйеге қосылды. Олар енді ата-аналарды ынталандыру үшін «Келешек» қорындағы жинағымен келген балаларға жеңілдік береді. Ең үлкен жеңілдікті Сәтпаев университеті беріп отыр, олар 50% жеңілдік ұсынуға дайын.