Жасыратыны жоқ, бұрын түрлі құжаттарды жедел әрі, мінсіз дайындаймын деп әлдекімдерге теңге қыстыратындар кездесетін. Қазір мемлекеттік қызмет көрсету кезінде бармақ басты, көз қыстылыққа жол берілмейді. Саладағы жұмыс сапасын жақсартып, халықтың қолжетімділігін арттыру мақсатында тындырымды істер атқарылуда. Бұл туралы «AMANAT» партиясы Қызылорда облыстық филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі аймақтық кеңестің көшпелі отырысында айтылды. Кеңес мүшелері «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» комерциялық емес АҚ жұмысына монотиторинг жасады. Мұнда халыққа 9 бағыт бойынша 1300-ге жуық мемлекеттік қызмет түрі көрсетіледі. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу үшін 11 бағыт жолға қойылған. Соның бірі «Жасыл дәліз» жобасы аясында өткен жылы 450-ден аса қызмет көрсетілген. Бұл тұрғындардың ең бірінші уақыт үнемдеуіне үлкен мүмкіндік.
АЛМАСБЕК ЕСМАХАНОВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:Елде сыбайлас жемқорлықты азайту, алдын алу, тәуекелдердіболдырмау. Соның арқасында халыққа қолайлы жағдай жасау. Біздің негізгі мақсатымыз осы. «AMANAT» партиясы алдағы уақытта да құзырлы сала оргондарды сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытындағы жұмыстарды жалғастыра беретін болады. Бүгінгі отырыстың мақсаты бұл халыққа сапалы қызмет көрсетуді. Атқарылып жатқан жұмыстардың барысын көру, талқылау.