Өскеменде проза шебері Қалихан Ысқақовтың 90 жылдық мерейтойына арналған республикалық ақындар айтысы өтті. Онда еліміздің әр өңірінен келген 12 ақын өзара кіл мықтыны анықтады. Қатысушылар өзекті тақырыптарды қозғап, шешендігімен, тапқырлығын ортаға салды. Жеңімпаздар алғыс хат және бағалы сыйлықпен марапатталды. Айта кетейік, мұндай ауқымдағы айтыс Өскеменде соңғы он жылда алғаш рет өткізілді. Ұйымдастырушылар дәстүрлі өнердің ұлттық сана-сезімді қалыптастыру, философиялық , моральдық құндылықтар мен әдет-ғұрпымызды айшықтаудағы рөлі ерекше - дейді.
МАҚСАТ АҚАНОВ, АЙТЫСКЕР АҚЫН:
Қалихан атамыздың бүгінгі айтысына қатысу көптен бергі 25 жылғы арманым еді. Өйткені осы ақындардың ішінде Қалиханды көрген менен басқа ақын жоқ шығар қазір. 2002 жылы Аягөздегі «Қозы Қөрпеш - Баян сұлу» 1500 жылдық айтысында Қалихан ата өзі келіп қазылықтың төрағасында болып батасын беріп кеткен. Ол кезде мен 20-ғы бала едім. Қолынан батасын алып, ет асаған балалардың біреуімін мен.