Теміртауда ер адам ескерту жасағаны үшін ажал құшқан, полиция қылмыстық іс қозғады - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Кісі өлімі 10 наурызда кешке Металлургтер даңғылында болған. Куәгерлер әлеуметтік желіде тараған видеоға марқұм дауласып жатқан екі ер адамды тыныштандыруға тырысқанын жазды. Олардың біріне бұл ескерту ұнамаған, осылайша пышақ шығарып, оны жарақаттаған.
Ер адам алған жарақаттарынан қаза тапты. Полиция оқиға орнын қоршап алды.