Үндістанның Гуджарат штатында сирек кездесетін азиялық арыстан 34 жастағы ер адамды жеп қойған, деп хабарлады turkystan.kz The Indian Express басылымына сілтеме жасап.
Оқиға Саваркундла қаласы маңындағы Амрели округінде болған. Орман шаруашылығы департаментінің қызметкерлері орманнан адамның мүжілген дене қалдықтарын тапқан. Кейін бұл адамның 34 жастағы Назим Куреши екені анықтаған.
Тергеушілер әзірге оның жыртқыштың құрбаны болғанын ресми түрде растаған жоқ. Дегенмен, олар оқиға орнында арыстанның ізі табылғанын атап өткен.
Басылымның жазуынша, соңғы екі аптада Амрели округінде арыстандар үш адамды талаған. Ақпан айында екі арыстан 7 жастағы ұлға шабуыл жасаса, 4 наурызда арыстан 35 жастағы әйелге шабуылдаған.
Шабуылдың барлығы Гир орманы аталатын ұлттық саябақ маңында болған. Бұл саябақ 1965 жылы құрылған. Мұнда азиялық арыстандардың соңғы тұқымы тіршілік етеді. Қазіргі кезде зоопарктерден тыс жерде 500-ден астам осы жабайы мысық түрі тіршілік етіп жүр.