$488.53 €531.91 ₽5.68
×

Польшада қазақстандықтардың бүйрегін сатқан әйел ұсталды

AstanaTV
12.03.2025ж. 11:00
107
Польшада қазақстандықтардың бүйрегін сатқан әйел ұсталды
Фото: envato

Польшада 56 бүйрек сатқан Украина азаматшасы тұтқындалды, деп хабарлайды Orda.kz.

Reuters мәліметінше, ұсталған әйел Қазақстанда адам ағзаларымен сауда жасаған қылмыстық топқа қатысқаны үшін 12 жылға бас бостандығынан айырылған.

35 жастағы П.Ксения Польша-Украина шекарасындағы теміржол өткелінде ұсталды. Ол 2020 жылдан бері Интерполдың халықаралық іздеуінде болған және енді Қазақстанға экстрадицияланбақ.

Тергеу мәліметтеріне сәйкес, қылмыстық топ осы күнге дейін 56 бүйрек сатқан. Олардың құрбандары Әзірбайжан, Қазақстан, Армения, Украина, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан және Тайланд азаматтары болған.