$488.53 €531.91 ₽5.68
×

Астанада кафелер мен дүкендерге лас гаражда сақталған ет сатылып келген

AstanaTV
12.03.2025ж. 14:22
77
Астанада кафелер мен дүкендерге лас гаражда сақталған ет сатылып келген
Фото: Видеодан скрин

Астанада адам шошырлық жағдайда ет сақтаған күдіктілер анықталды. Олар етті ары қарай сатуды жоспарлаған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Астана полицейлері анықтағандай, жергілікті тұрғындар екі гаражды жалға алып, лас еденде антисанитарлық жағдайда ет сақтаған. Мұндай заңсыз кәсіп көзін 34 және 22 жастағы екі ер адам ашқан.

«Олар ешқандай құжатсыз сатып алған отандық етті шикізат ретінде пайдаланған. Барлық жұмысты өздері жасаған. Ал ары қарай дайын өнімді қаладағы дүкендер мен ойын-сауық орындарына жеткізу үшін буып-түйіп, дайындап қойған», - деп хабарлады Астана полиция департаменті.

Оқиға орнында 176 ұсақ мал мен жеті ірі қара малдың еті, сондай-ақ ет қалдықтары тәркіленді. Олардың барлығы сараптамаға жіберілді.

Заңсыз цехты ұйымдастырушыларға қатысты әкімшілік хаттама толтырылды.