$489.15 €533.47 ₽5.64
×

Серкені алуға ұмтылған көкпаршыны жылқы басып мерт қылды

AstanaTV
12.03.2025ж. 17:11
79
Серкені алуға ұмтылған көкпаршыны жылқы басып мерт қылды
coverФото: Envato

Қырғызстанда Көк-бору қатысушысы ойын барысында алған жарақатынан қайтыс болды, деп хабарлайды Orda.kz.

Оқиға бүгін, 12 наурызда, Антоновка ауылында Наурыз мерекесіне арналған ойын кезінде болды. 44 жастағы Мирлан Сырардинов серкені жерден көтеруге тырысып, еңкейгенде басқа ойыншының аты оны соғып кетті. Сраждинов оқиға орнында ес-түссіз жерге құлаған.

Жедел медициналық жәрдем қызметі ер адамның дәрігерлер келгенге дейін ашық ми жарақатынан қайтыс болғанын хабарлады.

Полиция тергеуге дейінгі тексерісті бастады. Оқиғадан кейін ойын бірден тоқтатылды.