$489.15 €533.47 ₽5.64
×

Қазақстанда күн 22 градусқа дейін жылиды

AstanaTV
12.03.2025ж. 18:44
85
Қазақстанда күн 22 градусқа дейін жылиды
фото: istockphoto.com

Қазгидромет 13-15 наурызға арналған ауа-райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Синоптиктердің мәліметінше шығыс және орталық Қазақстанның ауа-райын антициклон айқындайды. Соған орай ауа-райы жауын-шашынсыз болады деп күтіліп отыр. Ал батыс, солтүстік-батыс, солтүстікте батыстан келетін циклон әсерінен қар, жаңбыр жауып, жел күшейіп, көктайғақ болады деп күтіліп отыр.

Елдің оңтүстігінде күн шығып, жер құрғап, температура көтеріледі. Елдің барлық өңірінде тұман түседі.

«Елдің солтүстігінде түнде ауа температурасы 0-15 градус аяз, күндіз 5 градус жылы болады. Елдің шығысында түнде 7-20 градус аяз, күндіз 8 градус жылы, елдің батысы мен оңтүстігінде 10-22 градусқа дейін жылиды», - делінген Қазгидромет хабарламасында.