$489.15 €533.47 ₽5.64
×

Алматыда "қара риелторларға" қатысты сот үкімі шықты

AstanaTV
12.03.2025ж. 20:00
47
Алматыда "қара риелторларға" қатысты сот үкімі шықты

Алматыда «қара риэлторлар» деп аталған ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысты сот процесі аяқталды. Бұл топ 2017-2023 жылдар аралығында жалғызбасты қарт адамдардың қайтыс болуынан кейін мұрагерлері жоқ пәтерлерді анықтап, құжаттарды қолдан жасау арқылы заңсыз иемденген.  37 пәтерді осылайша басып алған. Қылмыстық іс бойынша 22 адам айыпталушы ретінде танылды. Олардың арасында екі дәрігер, үш нотариус, бұрынғы полиция қызметкерлері, сот орындаушысының көмекшісі, медициналық сарапшылар, екі риэлтор және бірнеше такси жүргізушісі бар. Сот үкіміне сәйкес, топ басшысы Ирина Гапарова 18 жылға, ал сыбайласы  Әшірәлі Болтабоев 17 жылға бас бостандығынан айырылды. Қалған күдіктілер де өз жазасын алды.