Астанада адам шошырлық жағдайда ет сақтаған 2 күдікті ұсталды. Олар екі гаражды жалға алып, лас еденде антисанитарлық орында мал етін сақтап, оны сауда дүкендеріне шығармақ болған. Тәртіп сақшылары оқиға орнынан 176 ұсақ мал мен жеті ірі қараның етін тәркіледі. Барлығын сараптамаға жіберді. Заңсыз цехты ұйымдастырушыларға қатысты әкімшілік хаттама толтырылды.
БІРКЕН БІРТАЕВ, ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ ҚЫЛМЫСТЫҚ ІЗДЕСТІРУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АСА МАҢЫЗДЫ ІСТЕР БОЙЫНША АҒА АНЫҚТАУШЫСЫ:
Олар ешқандай құжатсыз сатып алған отандық етті шикізат ретінде пайдаланған. Олар 34 және 22 жастағы жергілікті тұрғын. Барлық жұмысты өздері жасаған. Ал ары қарай дайын өнімді қаладағы дүкендер мен ойын-сауық орындарына жеткізу үшін буып-түйіп, дайындап қойған.