$489.15 €533.47 ₽5.64
×

"5 қабатты тұрғын үй кешені заңсыз салынып жатыр",-тұрғын

AstanaTV
12.03.2025ж. 20:00
54
"5 қабатты тұрғын үй кешені заңсыз салынып жатыр",-тұрғын

Алматы облысында 5 қабатты тұрғын үй кешені заңсыз салынып жатыр. Санитарлық аймақта тұрғызылып жатқандықтан, экологиялық қауіп те ескерілмеген. Жанындағы жатақхананы қоныс еткен тұрғындар осылай дейді. Ал бұған жауаптылардың жауабы қандай? Тілшіміз Айдана Шалқар білді.  


Тұрғын үй массивінде 225 пәтер бар.  Жоспарға сәйкес, 5 қабатты баспананың алтауы салынуы керек. Одан бөлек, осында орнатылған құбыр жұртты әбден әбігерге салып отыр. Қарт кісілер мен балалар бірнеше рет шалынып құлап, опат бола жаздапты.

МҰХТАР МҰҚАШҰЛЫ, ТҰРҒЫН:

Алғашқы стройкалар басталған кезінде мына жерде көптеген камаздар жүрді. Кішкентай балаларымыз үшін қорқамыз. Бір-екі жағдайлар болған бала-шағаны басып кете жаздайтын. Трубаларды жүргізіп тастады, аяққа күнде шалынамыз, сол жерде тоқ, оголенный ашық тоқтар жатыр. Олардың бір трубалары жарылды, бізге қарай ақты, мына жердің бәрі көл боп, мына жердің бәрі жүруге мүмкін болмаған кездер де болған.


Бала-шағасының қауіпсіздігін ойлап дал болған ата-ана базынасын  айтып, әкімдіктен қажетті шара қолдануын сан рет талап еткен.  «Бірақ әлі күнге дейін нәтиже көрмей отырмыз» - дейді.

АЙМАН ПЕРНЕБАЕВА, ТҰРҒЫН:

Жап-жақсы тұрған жолымызды бұзбай-ақ біздің талабымыз мына жерде ештеңе болмай-ақ қойсын. Мына трубаларын алып кетсе екен. Қатты шум да шығарады мына жақта тарсылдатып, таңғы сағат 4-5терде бастап кетеді бұл жақта жұмыстары, сол кезде тарсылдатады мысалы. Ондай кезде біз ұйқыда боламыз, біз шошынып оянамыз.


Іле ауданы әкімінің орынбасары Алмас Букенаевтың сөзінше, осы маңда орналасқан автопарк қожайыны да құрылыста санитарлық талаптар сақталмағанын айтып шағымданыпты.  

АЛМАС БУКЕНАЕВ, ІЛЕ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

24 жылы біздің Іле ауданы мәслихатымен генеральный план дейді, аудан деңгейінде планға корректировка болған, мына жер пром база деп аталады. Мына жерге жеке тұрғынүй салуға болмайды. Сонда генпланмен мәслихатпен утверждать етілген, заңды түрде проектісі өткен бәрі, ГАСК-тен талон на начало строительство документтер алған заңды түрде аудан деңгейінде.   


Ал, мердігер компания бұл ақпаратты жоққа шығарды. Олар арнайы рұқсат алып, экспертизадан өткен.  

САҒЫНБЕК БЕКМАҒАМБЕТОВ, ҚҰРЫЛЫС КОМПАНИЯСЫНЫҢ ЗАҢГЕРІ:

Көпқабатты тұрғынүй кешенін салуға деген целевой назначениесі болды. Одан кейін біз архитектурадан барып, архитектурадан планировочное задание алдық. АПЗ дейді. , АПЗ-дан кейін мәслихатқа арыз бердік, мына Іле ауданының мәслихатына осындай бізде жеріміз бар, соған проект детально планировканы өзгертіп беруіңізді сұраймыз деп. Мәслихат бізге өзгертті. Тұрғын үй салуға рұқсат етілді деп пдп-ны. Одан кейін біз   эскизный проектіні жасадық та, архитектура мен, бәрімен согласовать еттік.


Бұл дау қашан және қалай аяқталары белгісіз.  Іле ауданының әкімдігі тұрғындарға тек қауіп төндірген құбырды бүгіннен қалдырмай  құртамыз деп уәде берді.