$495.28 €538.32 ₽5.77
×

Қоғамдық орынды ластағандар, белгiленбеген орындарда қоқыс тастағандар 13 840 теңге айыппұл төлейді

12.03.2025ж. 20:00
100
Қоғамдық орынды ластағандар, белгiленбеген орындарда қоқыс тастағандар 13 840 теңге айыппұл төлейді

Қоғамдық орынды ластағандар, белгiленбеген орындарда қоқыс тастағандар 13 840 теңге айыппұл төлейді. Қалдық заттарды  пәтерінің есігінен алысқа асырмайтындар  да  жазаланады.  Бірақ, сонда да  қоқысты арнайы  жәшікке емес тұрғын үйдің кіреберісі немесе тіпті желделсатының ішіне тастай салатындар азаяр емес. Тілшіміз эксперимент жасады, көрейік.

АЙДАНА ҚАЙРАТ, ТІЛШІ:

Біз қазір елордадағы көпқабатты тұрғын үйлердің біріндеміз. Жеделсатыда эксперимент жасайтын боламыз. Қоқысым дайын.


АЙДАНА ҚАЙРАТ, ТІЛШІ:

Енді осылай шашып қоятын боламын.


Бұл кісі қоқысты шашып жатсам да маған қой демеді. Тіпті ескерту де жасамады.

Тұрғындардың көбісі  қоқысты мүлдем көрмегендей кейіп танытты. Елеген де, еңкейген де жоқ.

АЙДАНА ҚАЙРАТ, ТІЛШІ:

Жеделсатымен он шақты адам көтеріліп, түсті. Дегенмен солардың біреуі ғана шашылып жатқан қалдық заттарды жинады.


Меншік үй иелері бірлестігі қызметкерлерінің айтуынша, тазалыққа бей-жай қарайтын тұрғындар баршылық. Қалтасындағыны кез келген жерге тастап, тұрғын үй қабырғалары мен  жеделсатыда түрлі жазбалар қалдыратындар бар. Көп жағдайда, оны істейтін жасөспірімдер дейді.  

РАУШАН, МЕНШІК ИЕЛЕРІ БІРЛЕСТІГІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ:

Бұл барлық көпқабатты үйлердің проблемасы деп білемін. Тұрғындар тіпті қоқыстарын есік алдында, бұрыштарда қалдырып кетіп жатады.Жеделсаты қабырғаларында аяқ іздері көп.  Еден жуушы күнделікті бірнеше қорап қоқыс шығарады. Тұрғындарға ескерту жасаймыз. Дегенмен келесі күні де жағдай қайталанады.


АЙДАНА ҚАЙРАТ, ТІЛШІ:

Біз бұл жерге келе сала есіктің алдындағы мынандай қоқысқа тап болдық. Тұрғындардың айтуынша, ол мұнда бір күннен астам уақыт жатыр. Дегенмен оны ешкім қоқысқа тастамаған.


БЛИЦ:

-  Қоқыс шашып кетеді, жеделсатының тетікшелерін сындырған жағдайлар болды. Жиі түрлі жазбалар қалдырып кетіп жатады.
- Кішкентай қоқыс контейнерлерін аузы мұрнынан шығарып толытырып қоятын


АСТАНА ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ:

Бөтен мүлікті қасақана жою немесе бүлдіру, егер бұл әрекетте қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса  – елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не бестен жиырма тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға алып келетінін ескертеді.


Коммуналдық қоқысты қалдыру, түрлі вандалдық әрекет бойынша  жыл басынан бері  2705 жағдай тіркелген.

АСТАНА ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ:

Бөтен мүлікті қасақана жою немесе бүлдіру, егер бұл әрекетте қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса  – елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не бестен жиырма тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға алып келетінін ескертеді.


Еуропаның дамыған елдері мұндай заң бұзушылыққа  толеранттылық танытпайды, қатаң жазалайды. Мәселен, Германияда мыңдаған доллар айыппұл салынады, тым шектен шыққан жағдайда түрмеге тоғытылады. Тіпті Бранденбург қаласының басшысы вандалдық әрекетке барғандарды халық алдына шығарып жазалайтынын мәлімдеген.