$489.15 €533.47 ₽5.64
×

«AMANAT» партиясында сайлауалды уәделерді орындау бойынша әкімдіктер есеп берді

AstanaTV
12.03.2025ж. 20:00
56
«AMANAT» партиясында сайлауалды уәделерді орындау бойынша әкімдіктер есеп берді

Қаржыландыру көлемінің жеткіліксіздігі, жосықсыз мердігерлер мен ұзаққа созылған сот процестері. Бүгінде өңірлер үшін ортақ проблема – осы. «AMANAT» партиясының Хатшысы Ержан Жылқыбаев осылай деді. Өңір әкімдіктері 2023-2027 жылдарға арналған «Халықпен бірге!» сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру барысы жайында есеп беруде. Жергілікті атқамінерлер жұмыс орындарын құру, әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту және бірқатар инвестициялық жобаларды жүзеге асыру бағытындағы шараларға тоқталды. Ал әрбір орындалмаған жоба немесе уәде үшін әкімдіктер мен мәслихат депутаттары жауапкершілік арқалайды.

ЕРЖАН ЖЫЛҚЫБАЕВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ ХАТШЫСЫ:

Сұрау әрдайым болады. Бұған дейін біз фракцияның жетекшілерін, депутаттарымызды, өзіміздің филиалды тыңдадық. Өкінішке орай, көп мәселелер орындалмай жатыр. Орындауға жауапты - нақты әкімшілік қызметкерлері, облыс әкімінің орынбасарлары, аудан әкімдері, қала әкімдері, басқарма басшылары. Сол себепті бүгінгі жиынның негізгі мақсаты – өздеріңізбен тағы да пысықтап, көп мәселелерді талқыламасақ, ертең жауап беруіміз керек болады.