$489.15 €533.47 ₽5.64
×

Заң мен тәртіп: сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары аудандық полицияда талқыланды

Заң мен тәртіп: сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары аудандық полицияда талқыланды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті «Заң мен тәртіп» қағидатын нығайту мақсатында  Әл-Фараби аудандық полиция басқармасында  жиын өткізді. Күн тәртібінде полиция қатарындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, парасаттылық мәдениетін қалыптастыру және құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелері қаралды.  Сондай-ақ,    полиция жұмысында неғұрлым ашық және адал ортаны қалыптастыруға көмектесетін «Integrity Check» тұрақты өткізуді ұсынды. Азаматтардың өтініштерін жедел және сапалы қарау үшін бірлескен мобильді топ құрылды. Сонымен қатар ішкі істер министрлігінің мамандандырылған оқу орталығының тыңдаушыларымен тақырыптық сабақтар өткізу жоспарлануда.   

ЖАНДОС БЕКАСАНОВ, ҚР СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІ ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІ ПРЕВЕНЦИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Осындай іс-шаралар өткізудің нәтижесінде өңірдегі полиция қызметкерлерінің тарапынан сыбайлас жемқорлық, қылмыстық құқықбұзушылықтардың төмендеуі байқалады. 2022 жылы біздің департаментпен полиция қызметкерлеріне қарсы 35 қылмыстық іс тіркелсе, 2023 және 2024 жылдары 13 қылмыстық іс тіркелді. Оның азаю себебі және атап өткендей осы профилактикалық шаралардың жүргізілуі.