Қарағандыда "Сөйле" клубы мемлекеттік тілді үйретуде. Бұл бастама «Менің елім – менің тілім» жобасы аясында жүзеге асуда. Сабаққа қатысушылар қазақ тілін үйреніп ғана қоймай, сөйлеу мәдениетін меңгеруде. "Амаnат" партиясы Жастар рухы жастар қанатының қолдауымен ұйымдастырылған шараның болашақта ауқымы кеңейе түспек. 12 өңірде тіл үйрету сабақтары өтті.
ЯКОВ ФЕДОРОВ, «СӨЙЛЕ» КЛУБЫНЫҢ БРЕНД-АМБАССАДОРЫ:
Біздің мақсатымыз тек ғана қазақ тілін үйрету емес, қатысушыларымыз үшін атмосфераны құру. Мысалы Қарағандыда қатысушылар тек ғана сабаққа емес, ашық форматында сабақтарда немесе іс-шараларға қатысады. Мысалы театрға барады ашық алаңда сабағымыз өтеді пикнинг форматында.
АНАТОЛИЙ ПОПОВ, «СӨЙЛЕ» КЛУБЫНЫҢ ҚАТЫСУШЫСЫ:
Оқығаныңды, білгеніңді түсіне бастағанда қатты қуанасың. Мен оны біліп, түсіндім деп. Расында, қазақ тілін үйрену мен ойлағандай қиын емес. Күн сайын жаңа сөздер үйренудемін.