Елімізде су ресурстары тапшы. Едәуір бөлігі Қазақстанға тиесілі КаспиЙ мен Арал теңізінің бірі таязданып, бірі құрғап барады. Оған -су көздерін тиімді пайдалана алмау себеп. Осы мәселелер бүгін "Таза Қазақстан" акциясы аясындағы халықаралық жиында қаралды. Шарада ғалымдар мен сарапшылар су қорын сақтау мен жүйелі пайдаланудың аса маңызды екенін айтты. Егер олқылықтың орны толмаса арты үлкен проблемаға айналады дейді мамандар.
СЕРІК СЫДЫҚОВ, ҚР ПРЕЗИДЕНТТІК ОРТАЛЫҒЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Мұның зардабы үлкен экологиялық котострофаға алып келуі мүмкін. Сондықтан мына Қазақстан осы трансшегаралық су көздерін пайдалануда халықаралық жаңағы ынтымақтастыққа аса мән беріп, пайда болатын мәселелерді сол халықаралық құқықтық нормалардың көмегімен шешімін табуға тырысуы қажет.