"Таза Қазақстан"- ел тұрғындарын біріктірген бірегей бастама. Экологиялық акция бұл жолы Лисаков қаласындағы еріктілер мен жастар ресурстық орталығы қызметкерлерінің басын қосты.
Олар Жеңіс саябағындағы монументтің айналасын қардан тазартып,қоқысын жинады. Ескерткіш екінші дүниежүзілік соғыста қаза тапқан жауынгерлер құрметіне қойылған. Бұл маңайды таза ұстау жас ұрпақтың міндеті, дейді еріктілер.Акцияға қатысқан өскелең буын батыр бабалар рухына тағзым етіп,мәдени мұраларды көздің қарашығындай сақтау керек екенін терең түсінді. Игі шараға шаһар тұрғындары да атсалысты.
АНАТОЛИЙ БЛИНОВ, ҚАЛАЛЫҚ ІШКІ САЯСАТ БӨЛІМІНІҢ ӘДІСКЕРІ:
«Таза Қазақстан» - өте маңызды бағдарлама. Жастар арасында экологиялық сауаттылықты қалыптастырып жатыр.Сондықтан акция жиі ұйымдастырылып келеді.Және жалғаса береді. Бұл игі бастамаға бүкіл халық атсалысуы керек.