$489.15 €533.47 ₽5.64
×

Қызылордада Ұлбике Жангелдіқызының 200 жылдық мерейтойына орай ақындар айтысы өтті

Қызылордада Ұлбике Жангелдіқызының 200 жылдық мерейтойына орай ақындар айтысы өтті

Қызылорда облысы Сырдария ауданында еліміздің түкпір-түкпірінен келген ақындар айтысы өтті. «Қайымның қас шебері» тақырыбындағы өнер додасы Ұлбике Жангелдіқызының 200 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған.  От ауызды, орақ тілді өнерпаздар Ұлбике Жангелдіқызының бейнесін ашып қана қоймай, елдік мәселелерді де жырларына арқау етті. Ұлттық өнерін ұлықтаған аудан жұрты қиқулап, ақындарымызды шабыттандырды.  Керемет кеш «AMANAT» партиясының бастамасымен ұйымдастырылды.

АЛМАСБЕК ЕСМАХАНОВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

«AMANAT» партиясы елімізде болып жатқан бабаларымыздан қалған айтыс өнерін елде үйлестіру, насихаттау бағытында үлкен шараларды атқарып жатыр. Жыл көлемінде де біздің Сыр өңірінің дамуында өзіндік үлестері бар еңбек адамдары, ақындар, жыршылардың еңбектеріне арналған айтыстар өтеді. Әлі де ол жалғасын табады.


РҮСТЕМ ҚАЙЫРТАЙҰЛЫ, АЙТЫСКЕР АҚЫН:

Айтыстың деңгейі өте жақсы. Өйткені тақырып жақсы. Сыр елі сүлейлердің жері. Сондықтан бұл жердің халқын анау мынау сөзбен алдай алмайсың. Бұл шынымен де ақын қыздардың ең тарихтағы биік шыңында тұратын. Өзі 12 жасқа дейін тілі шықпай сөйлемеген. Тағдыр жолы 24. Сонда 12 жылдың іші, оның жартысы тұрмыс тауқыметінде. Сонда 5-6жылдың ішінде үлкен із қалдырған екен.