$489.15 €533.47 ₽5.64
×

Астанада алты компания құрылыс лицензиясынан айырылды

AstanaTV
12.03.2025ж. 23:17
107
Астанада алты компания құрылыс лицензиясынан айырылды
фото: Ашық дереккөзден

Бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында қала әкімі Жеңіс Қасымбек жазды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қасымбектің жазуынша, елорда қарқынды түрде дамып, халық саны артып келеді. Бұл процесте құрылыс маңызды рөл атқарады. Қаладағы құрылыс компанияларының өкілдерімен кездесуде өзекті мәселелер мен бірлескен жұмыстың басымдықтарын талқыладық. Жиынға сондай-ақ қалалық прокуратураның, полиция мен мемлекеттік органдардың өкілдері қатысқан.

Қаланың дамуында маңызды аспекті – құрылыс компанияларының тұрғын үйлерді сапалы әрі заңды түрде салуы. Дегенмен, оны бәрі бірдей ұстана бермейді. Мәселен, өткен жылы 431 жоспардан тыс тексеру жүргізіліп, 600-ге жуық заң бұзылғаны анықталды. Алты компания құрылыс лицензиясынан айырылды, сол сияқты заң мен құрылыс нормаларын бұзғаны үшін 180-нен астам талап-арыз сотқа жолданды. Жерге қатысты тиісті құжат алмай құрылысы басталған төрт нысан сот шешімімен бұзылды. Аталған жұмыстың барлығы биыл да жалғасып жатыр, – дейді қала әкімі.

Әкім құрылыс компаниялары қолданыстағы заңнаманың нормаларын қатаң сақтауы тиіс екенні, құрылыс-монтаждау жұмысы тек құрылыс нормалары мен стандарттарына сәйкес жүргізілуі қажеттігін ескертеді. Сондай-ақ, құрылыс жүргізу және монтаждау барысында орындалатын жұмыстардың арнайы бекітілген жобалық құжаттама мен стандарттарға сәйкестігін үнемі тексеріп отыру керектігін атап өтеді. Жауапты тұлғалар орындалатын операциялардың қауіпсіздік талаптарына толықтай сәйкестігін қадағалай отырып, материалдардың сапасы мен технологияларға сәйкестігін бақылауды тапсырады.