$489.15 €533.47 ₽5.64
×

«111» нөміріне 17 мың бала хабарласқан

AstanaTV
13.03.2025ж. 06:55
108
«111» нөміріне 17 мың бала хабарласқан
Фото: freepik.com

 Еліміздің барлық өңірінде балалар мен ата-аналарға кәсіби көмек көрсететін Психологиялық қолдау орталықтары ашылды. Онда шамамен 250 мың адам көмек алды. Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан айтып берді.

− 2023–2025 жылдарға арналған балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау, суицидтің алдын алу және олардың құқықтары мен әл-ауқатын қамтамасыз ету жөніндегі Кешенді жоспар аясында барлық өңірде балалар мен ата-аналарға кәсіби көмек көрсететін Психологиялық қолдау орталықтары ашылды. Қазір шамамен 250 мың адам көмек алды, − деді Е.Оспан Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Сонымен бірге, әйелдер мен балалардың құқығын қорғау бойынша 111 бірыңғай мемлекеттік байланыс орталығы іске қосылды. Ол тәулік бойы жұмыс істейді және 2024 жылдың қорытындысы бойынша балалардан 17 мың қоңырау түскен.

2024 жылдан бастап, білім беру ұйымдарында оқушылардың QR-код арқылы мәтіндік өтініш беру жүйесі енгізілді. Бұл жасөспірімдерге анонимді түрде қолдау сұрауға мүмкіндік берді. 2025 жылдың ақпанына қарай – 25 мың SMS келіп түскен,-деп хабарлайды kaz.inform.kz.