$489.15 €533.47 ₽5.64
×

Елімізде жолдар жабылып, ұшақтардың ұшуына шектеу қойылуы мүмкін

12.03.2025ж. 20:00
98
Елімізде жолдар жабылып, ұшақтардың ұшуына шектеу қойылуы мүмкін

13 наурыздан бастап әскери техникалар мен жеке құрам сарбаздары Астанаға ағылады. Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парадқа дайындық басталды.  Осыған байланысты кей аймақтарда жол қозғалысына уақытша шектеу енгізілуі мүмкін. Сондай-ақ, 22 сәуір мен 7 мамыр аралығында әскери авиацияның жаттығулары өтеді. Астана аспанында ұшақтардың ұшуына  шектеу қойылуы мүмкін. Әуе рейстерінің кестесіне де өзгерістер енгізіледі. Жауапты ведомства рейстер туралы ақпаратты алдын-ала нақтылауды және енгізілген шектеулерге түсіністікпен қарауды, тек ресми дереккөздерге жүгінуді ұсынды.