$489.15 €533.47 ₽5.64
×

Қыз-келіншектерге курс сатқан сұлу волейболшы Сабина Алтынбекова ажырасқанын айтты

AstanaTV
13.03.2025ж. 10:18
79
Қыз-келіншектерге курс сатқан сұлу волейболшы Сабина Алтынбекова ажырасқанын айтты
Фотоколлаж: Azattyq ruhy/Әбілқасым Есентаев

Халықаралық жарыстарда өзінің сұлулығымен әлемге танылған волейболшы Сабина Алтынбекова бес жылғы некесінен кейін заңды түрде ажырасқанын айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Волейбол арқылы танылған Алтынбекова соңғы жылдары әлеуметтік желідегі жеке брендін дамытып, тіпті, қыз-келіншектерге тәлімгер ретінде курс сатқан. Оның жеке парақшасында 1,1 млн оқырманы бар.

Сол оқырмандарының сауалдарына жауап берген Сабина Алтынбекова жеке өміріне қатысты сұраққа соңғы рет жауап беремін деп, жазба қалдырған.

«Иә, біз ажырастық. Мен заңды некеде тұрғанмын, енді заңды жолмен ажырастым. Бұл мәселеге қатысты сұрақ көп болған еді, осымен нүктесін қоямын», - деп жазған спортшы.