$489.15 €533.47 ₽5.64
×

Қалыңдықтың гүліне таласып, шашып тастады: Жұлдыз Жауынбаева тағы да сынға қалды

AstanaTV
13.03.2025ж. 12:43
79
Қалыңдықтың гүліне таласып, шашып тастады: Жұлдыз Жауынбаева тағы да сынға қалды
Фото: видеодан скриншот

Блогер Жұлдыз Жауынбаева Жанәбіловтердің тойында қалыңдықтың гүліне таласып, сынға қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

12 жылдан кейін күйеуі той жасап берген Эльмира Жанәбілова тойда қалыңдық ретінде тұрмысқа шықпаған қыздарға қарай гүлін лақтырған. Блогер Жұлдыз Жауынбаева өзге біреудің қолына түскен гүлді жұлып алып, шашып тастады. Видеода гүлді ұстауға шыққан блогерлердің өздері бұл жағдайдан кейін ыңғайсызданып қалғанын көруге болады.

Ал желі қолданушылары блогердің бұл әрекетін сөккен.

«Қара киімдегі қыз қағып алды ғой, Жұлдыз барып жұлып алды. Осы қызға үнемі бірдеңе жетпей жүреді. Камераға қанша ақылды болып көрінгісі келсе де, осындай жабайы қылықтары өзін әшкере қылады. Осы да қалмайды екен», - деп жазды олар.